Nicki Minaj BTS-тік мемберлермен ортақ бейнебаян таспаламақ па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ники Минаж да білек сыбана жұмысқа кіріскен. Еңбегінің нәтижесі де жаман емес. Мәселен, рэп ханшайымының «FEFE» әні бірнеше апта бойы Billboard чартының көшінде.

Nicki Minaj, 6ix9ine мен Murda Beatz-тың аталмыш ортақ туындысы бірден көпшілік көңілін көншіткендей. Себебі, ән жарыққа шыға салысымен, 25 миллион қаралым жинап үлгерген.

Эпатажды ару мұнымен тоқтамақ емес. Nicki Minaj-дың корейлік кей-поп ұжым BTS-пен ортақ трэк жазатынын ешкім күтпегенді. Себебі, қос тарап бұл жаңалықты барынша жасырып қалуға тырысты.

«Idol» әні бүгіннің өзінде АҚШ, Канада, Ұлыбритания сынды 66 елдің iTunes чартында үздік атануда. Ал инсайдерлер болса, жақын арада Nicki Minaj бен BTS ортақ бейнебаян таспалап қалуы бек мүмкін дейді.