Дженнифер Лопес өз киімдерін сатылымға қойды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Дженнифер Лопес болса, концерт өткізуден бұрын, гардеробын тазартуда. Жұлдыз Пуэрто-Рикода орын алған дауылдан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін, көйлектерін сатпақ ниетте. Әншінің бәссаудаға қойған образдары қандай?

49 жасар Дженнифер Лопес бұл жолы өз гардеробын емес, «Көк түстің реңктері» телехикаясындағы кейіпкерінің образдарын сатылымға қойған. Актриса FBI қызметкерінің ролінде. Джей Лоның бәссаудаға қойған киімдерінің бағасы, небәрі 25 доллардан бастау алады.

Ал, Джастин Биберді қалыңдығы Хейли Болдуинмен қыдырып жүрген сәтте, бір топ табынушылары серуендеуге шақырған. Қуана келіскен сері, бос уақытын жанкүйерлерімен өткізіп, көпшілікті қарапайымдылығымен тәнті етті.

«Business Insider» порталы сағат сайын миллиондаған пайдаға кенелетін жұлдыздарды анықтады. Көш басына актер Джордж Клуни жайғасқан. Ол 60 минутта 27 мың доллар тапса, сәнбике Кайли Дженнер 19 000, Дуэйн Джонсон 14 000 АҚШ-тың құнды қағазын қалтаға басады екен.