Баян Алагөзованың Сиситайы енді шоу-бизнесті бағындырмақ па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Көрерменге ерекше образымен танылған Әйгерім Мергенбай, енді әншілікке бет бұрмақ. Сиситайдың сахналық есімі де Сиситай болып қалады. Бұл жаңалықты Баян ханым қалай қабылдады?

Ең алғашқы отандық мюзиклде басты рөлді сомдаған Әйгерім Мергенбай актрисалықпен қатар, әншілікті де қолға алмақ. «Сиситай» есімімен танылған ару, дәл осы атпен шоу-бизнесті бағындырмақ ниетте.

C.C.TAY, әнші, актриса:

Менің сахналық атым Сиситай болып қалады. Кинодан кейін бәрі мені Сиситай деп жаттап қалғандықтан, отбасыммен барлығымыз Сиситай деп шығуды шештік.

Әйгерімнің кейіпкері халық арасында біраз кереғар пікір тудырғаны рас.

Бірақ, Әйгерім хейтерлердің сөзіне құлақ аспақ түгілі, кинодағы образдан да бас тартпақ емес. Ал Баян ханым, Сиситай атын еншілеуге қарсы болмады ма?

C.C.TAY, әнші, актриса:

Баян Мақсатқызының алдынан өтіп, тек сол кісінің рұқсатымен шықтым. Ол өзінің батасын беріп, жолымды ашып, келісімін берді. Тек қолдады мені.

Кью-поп жанрында ән шырқайтын арудың алғашқы бейнебаяны да дайын көрінеді.

C.C.TAY, әнші, актриса:

Мен поп стилінде ән айтамын, кью-поп десем де болады. Әнімнің аты «Мүмкін емес». Клип жайлы айта кетсем, кішкене ерекше болады деген ойдамын, өйіткені кішкене фантастика бар.

Сиситай тырнақалды туындысын кәсіби мамандарға сеніп тапсырған. Әннің авторлары «Алау» тобының әншісі Ербол Салықбаев пен рэпер Баллер, музыкалық продюсері – Бағым Мақсатқызының өзі. Ал жаңа бейнебаянға 1-ші қыркүйектен бастап баға бере алатын боламыз.