Анджелина Джолиді ата-ана құқығынан айыра ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливудтық танымал Анджелина Джоли, балаларын толықтай өз қамқорлығына ала алмай әлек. Актриса экс-жұбайы Бред Питтпен, әлі күнге дейін бір тоқтамға келмеген. Джоли ханым тіпті, бүлдіршіндеріне қорғаушы жалдаған екен. Бұған не себеп?

Анджелина Джоли балаларынан айрылып қалмау үшін, барын салуда. Актриса, өзінің қорғаушысы Лаура Вассермен қош айтысып, басқа маманға жүгінген. Танымал жұлдыздың құқығын қорғау, енді адвокат Саманта Блей Деджанға тапсырылды. Энджи сот үкімімен, бүлдіршіндерін өз қамқорлығына алуды көздеп отыр.

Әлем бойынша концерттік турне өткізіп жүрген Бейонсе мен Джей Зи, Атланта қаласында ыңғайсыз жағдайға қалды. Сахнада өнер көрсетіп жатқан сәтте, тындармандарының бірі жұлдызды отбасыға бас салып, құшақтамақ болған. Музыканттар бұл оқыс жағдайдан кейін, жеке күзетшілерінің санын көбейткен.

«Тақтар ойыны» телехикаясының авторлары көрермендеріне, 8-ші маусымның тизерін ұсынды. Хикая Джон Сноудың, қарындасы Санса Старкпен қауышуынан басталмақ. Ал, жанкүйерлерін тағатсыздана күттірген жобаның таныстырылымы, 2019-шы жылдың жаз айларына жоспарланып отыр.