Эмир Байғазин Венеция кинофестивалінде!

Сообщить о проблеме с эфиром

Италияда халықаралық Венеция фестивалі өз шымылдығын түрді. Айтулы жарыста отандасымыз Эмир Байғазин, Бредли Купер, Райан Гослинг сынды әлемдік режиссерлермен бірге «Алтын арыстан» жүлдесі үшін таласта аянып қалмақ емес. Кіл мықтылар қатарында тағы кімдер бар?

Италияның Лидо аралына әлемнің ең үздік киногерлері ағылуда. Халықаралық Венеция фестивалі 75-ші рет өз есігін айқара ашпақ. Бұл жолы, айтулы салтанат Дэмьен Шазе́ллдың «Айдағы адам» картинасымен басталады.

«Айдағы адам» фильмінен өзге, «Алтын арыстан» жүлдесіне 16 картина таласпақ. Олардың ішінде, Эмма Стоун төбе көрсететін «Ең үздік», ағайынды Коэннің «Бастер Скраггстың балладасы» сынды ленталар кіреді.

Альберто Барбера, Венеция кинофестивальінің директоры:

-«Ла Ла Лендтың» жұлдызы Райан Гослинг, Леди Гага, Брэдли Купер, Натали Портман... Фестивальде тамашалайтын, шараға қатысатын жұлдыздардың көптігі соншалық, барлығын айтып шығу мүмкін емес. Сондықтан, тек қана қызық болады дегім келеді.

Ал, қазылар алқасын басқару Гильермо дель Тороға тапсырлыған көрінеді. Азулы киногер, өткен жылы «Су пішіні» картинасы үшін «Алтын арыстан» марапатын жеңіп алған болатын.

Халықаралық кинобәйгеде қазақстандық режиссердің де есімін кездестіруге болады. «Көкжиек» бағдармасы аясында Эмир Байғазиннің «Өзен» атты картинасы бақ сынамақ. Бұған дейін ол, аталмыш фестивальде «Үндестік сабақтары» картинасы үшін «Ең үздік операторлық жұмыс» сыйлығын еншілеген еді.