Леонардо ДиКаприо «Джокер» рөлінен неге бас тартты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Голливудтық киногерлер көптен күткен «Джокер» фильмінің, су жаңа трейлерін ұсынды. Атыс-шабысқа толы картинада, басты кейіпкердің ролін ДиКаприо сомдау қажет болғанды. Алайда, ол бұл образдан бас тартқан, неге?

Лео мырза, Квентин Тарантиноның кезекті лентасына түсуді құп көрген. Ал аңызға айналған зұлым кейіпкер «Джокердің» образы, актер Хаокин Феникске бұйырған, ал режиссерлік тізгінді Тодд Филлипс өз қолына алды. Фильмде қаһарман Бэтменде бой көрсетпек. Себебі, Джокердің тізіміндегі ең бірінші дұшпаны. Ал, картина 2019-шы жылдың, 4-ші қазанына жоспарлануда.

Америкалық комедия «Тыңшы Джонни Инглиш-3 » үлкен экранға қайта оралды. Роуэн Аткинсон, бұл жолы да шытырман оқиғаларды бастан кешеді.  Ал, көрерменді күлкіге қарық қылытын фильмді, осы күзде тамашалай алатын боласыздар.

Актриса Розамунд Пайктың «Жеке соғыс» картинасы да көрерменге жол тартуға дайын. Драмаға толы әскери фильмде, кейіпкер өзінің басын қатерге тігіп, тарихи жәдігерлерді іздеуге аттанбақ. 98 пайыз көрермен тосып жүрген лента, қазан айында үлкен экрандарда.