Джанет Джэксон сахнаға қайта келді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жуырда ғана Дэдди Янкимен Джанет Джэксон да ортақ туынды таспалап, көпшілік таңданысын тудырған еді. Ал, жарты ғасыр жасаған әншінің бейнебаяндағы әсерлі биін, халық бірден оң қабақпен қабылдады.

Аталмыш «Made For Now» синглы, Джанеттің жыл соңында жарық көретін 12-ші әнжинағына арналған. Өнерпаз, кішігірім үнсіздіктен соң, шығармашылығына шындап кіріскендей. Күні кеше ол, «Black Girls Rock» марапатының «Музыка феномені» аталымын еншілесе, ізін ала BMI Awards-тың арнайы жүлдесін қоржынына салды.

Джанет Джексон, музыкант:

- Осындай сәттерде, музыканың құдіреті шексіз екенін түсінемін. Бұл тек менің ғана емес, өнер жолында маған қол ұшын созған жандардың жеңісі. Барлықтарыңызға рахмет!