Жеңісхан Момышев - продюсер!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жеңісхан Момышев болса, бұдан-былай өз есімін кинопродюсер ретінде әйгілеп көрмек. Жоба жетекшісі атанып, тырнақалды туындысын таспалауға кіріскен ол, комедия арқылы маңызды мәселелерді көтерсем дейді. Киногердің жаңа бастамасын халық қалай қабылдар екен?

Продюсерлік тізгінді жаңадан қолына алған Жеңісхан, алғашқы қадамын салмақты тақырыптан бастапты. Комедиялық картиналардың режиссері атанып келген ол, енді өзін трагедия жанрында сынап көрмек.

Жеңісхан Момышев, режиссер, продюсер:

-Тек қана қарттар үйінің темасын алдық. Трагикомедия. Өйткені драма алатын болсақ, драмаға көп адамдар бармайды. Сол проблеманы халыққа жеткізу менің мақсатым.

Көздегенім қалтамды қалыңдату емес, қоғамдағы мәселелерді астарлап жеткізу деген Момышев, актерлерді таңдауда да ерекшеленген. Ол өзге әріптестері сынды картинасын танымал тұлғалар арқылы сатуға құлықсыз.

Жеңісхан Момышев, режиссер, продюсер:

-Бұл кинода мақсат халықа әлі көрінбеген актерлар, жас таланттар, соларды шығарып, көмек көрсету. Бір жағынан батасын да аласың олардың.

Алғысын айтқан дәл сондай жастардың бірі – Тұрар Давильбеков. Өнерпаз, осыдан он жыл бұрын «Қайрат чемпион» картинасында басты рөлді сомдаған.

Тұрар Давильбеков, актёр:

-«Қайрат» картинасынан кейін, ұзақ уақытқа шетелге оқуға кеттім. 9 жыл бойы кастингтерге қатыстым. Бұл рөл расымен маған бұйырып тұрғандай.

Айтпақшы, жаңа жобаға кіріскен Жеңісхан, бұдан-былай Нұрлан Қоянбаевпен ортақ ісі жоқ. «Қазақша бизнес» ұштастырған байланыс осылай үзілген.

Жеңісхан Момышев, режиссер, продюсер:

-Арамызда ұрыс-керіс боп, бірнәрсе боп, ондай боп кеткен жоқпыз. Жақсы, екеуіміз екі жыл жұмыс істедік. Екі жыл жақсы туынды жасадым, сондықтан бір-бірімізге ренішіміз жоқ.

Ал, Жеңісхан ұсынатын трагикомедия келер жылы жарық көреді деп, жоспарлануда.