Натали Портман өз картинаcын таныстырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Натали Портман Венецияда «Vox Lux» фильмінің тұсауын кесті. Аталмыш лента, «Алтын арыстанға» үміткерлер қатарында. Сегіз жылдан кейін фестивальге қайта оралған актриса, бұл жолы жеңіске қол жеткізе ала ма?

2010 жылы Натали Портман Венеция фестивалінің шымылдығын, «Қара аққу» картинасымен түрген еді. Аталмыш лента жеңімпаздар тізмінен табылмаса да, ондағы ойыны үшін, актриса Оскардың жүлдесін еншілеген болатын.

Араға уақыт салып, қызыл кілемнен табылған Портман, енді мараптасыз қайтуға құлықсыз. Наталиға, режиссер Брейди Корбеттің картинасында лаңкестіктен аман қалып, танымал жұлдызға айналған арудың образы бұйырыпты.

Натали Портман, актриса:

-Картина қазіргі қоғамның айнасы іспеттес. Поп мәдениеттердің тоғысуы, әлеуметтегі түсініспеушілік, әртүрлі мәселелер. Осылардың барлығын лентадан көруге болады.

Ал, драманы әсем әуенмен әрлеуге, жауапты ретінде әнші Сиа таңдалған. Оскар иегері, дарынды орындаушымен жұмыс істегеніне дән риза.

Натали Портман, актриса:

-Мен бұрыннан бері Сианың жанкүйерімін. Фильмге дейін әртүрлі шараларда кездесіп қалатынбыз. Ол өте танатты жан.

Фестивальдің бұл кешінде Наталиден өзге де Оскар иегерлері, қызыл кілем бойымен жүріп өткен еді. Мәселен, солардың бірі - Флориан Хенкель Фон. Венецияға келген неміс режиссері «Алтын арыстаннан» дәмелі.

Флориан Хенкель фон Доннерсмарк, режиссер:

-Мен мұнда өз елімді, өз елімнің киносаласын танытуға келіп отырмын. Менің фильмімді көрермен қауым түсінеді деп үміттенемін.