Венеция кинофестивалінде «Өзен» фильмі ұсынылды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақстан мәртебесін асқақтату үшін Венецияға арнайы аттанған отандық киногерлер, жерлестеріне жалынды сәлем жолдауда.  «Өзен» картинасының тұсауын кескен Эмир Байғазин мен актерлер ұжымы, алған әсерімізді сөзбен жеткізу мүмкін емес дейді.

Әлемнің ең мықты киногерлерімен тең дәрежеде туындысын таныстырған Байғазин, екінші рет Венеция фестивалінің жүлдесіне үмітті. Дарынды режиссер, бұл жолы тұсаукесерге актерлік ұжымды толықтай ала келген.

Тимур Айдарбеков, актер:

-Қанша ай, қанша уақыт еңбектендік, қиналдық. Енді, сол жұмыстың бәрін экраннан көрген керемет. Сөзбен айтып жеткізе алмаймын бәрін.

Тимур Айдарбеков, актер:

-Фестивальде ұнағаны, мына кіріп жатқанда Қазақстанның туын көрмеп едім ғой. Сол шыққан кезде көріп қуанып қалдым, суретке түсіп. Негізі Қазақстанның намысын қорғауға келдік қой мұнда. Бәрі жақсы өтті деп ойлаймын.

Ал, «Өзен» картинасының қазылар алқасының көңілінен шыққаны немесе шықпағаны, тоғызыншы қыркүйекте белгілі болмақ.

Жерлестеріміз сынды, норвегиялық режиссер Пол Гринграсс та ерекше әсерде. Өнерпаз, фестивальге 2011 жылғы Осло қаласындағы лаңкестік туралы «22 шілде» картинасын ала келген еді.

Пол Грингасс, режиссер:

-Бұл болған оқиғаға қатысты менің нұсқам ғана. Мұндай өзекті тақырыптар назардан тыс қалмауы керек.