Ең қалталы жұлдыз атануға кімдер лайықты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Эминем бар ашуын бір альбомына сыйдырса, рэпердің өзге әріптестері әнжинақтарының мол сатылымы арқасында қаржыға кенелуде! Олар BTS, Ариана Гранде және Дрейк. Әйгілі Биллборд чарты ең табысты муызыканттардың тізімін жасақтады.

Корея ғана емес, күллі еуропалық тыңдарманның да жүрегін жаулаған BTS таңқалдыруда! Жігіттердің альбомы екінші апта қатарынан «ең сатылымы жоғары туынды» деген мәртебені иеленіп отыр. Биллбордың пайымынша «Love Yourself: Answer» әнжинағын жанкүйерлер әлі де таласа алып жатқан көрінеді.

Корейлік k-pop ұжымға тізімдегі өз орнын берген Трэвис Скотт әзірге екінші. Әншінің «Astroworld» туындысы 111 мың данамен таралған екен. Еске салсақ, бұл жиырма алты жасар музыканттың үшінші альбомы болып саналады.

Хит әндердің авторы, Дрейкке де аталмыш тізімде орын бар. Jay-Z, Ники Минаж, Фьючер, тіпті Майкл Джексоннің дауысы кездесетін «Scorpion» альбомы 25 тректен тұрады.

Ал, Биллборд чарты ұсынған үздік бестікті Ариана Гранде мен Ники Минаж тұйықтап отыр.