«Сағаты бар үйдің сыры» картинасы!

Сообщить о проблеме с эфиром

Күллі киногерлер Италияға жиналып жатқанда, Кейт Бланшет Англияға аттанған. Лондонда Оскар иегерінің қатысуымен таспаланған «Сағаты бар үйдің сыры» картинасының тұсауы кесілді.

Халықаралық фестивальден енді оралған Кейт Бланшет, өзін үлкен экраннан көруге асыққандай. Себебі, қызыл кілемде төбе көрсеткен актрисаға, аталмыш фильмде негізгі рөл бұйырған еді.

Кәрі сиқыршы әйелді сомдаған Бланшетттің, картинадағы образы танымастай өзгерген. Лента сюжеті бойынша ол, Льюис есімді балақай мен оның ағасы Джонатанға қол ұшын созады. Оның көмегінсіз, сағаты бар сиқырлы үй өзгелерге қауіп төндіруі мүмкін.

Кейт Бланшет, актриса:

-Меніңше, бәріміз осындай ертегілерді тыңдап, оқып өстік. Қызықты оқиғаларға толы тамаша отбасылық кино дер едім. Алайда, қорқынышты тұстары да жоқ емес.

Ал, фантастикаға толы картинаның режиссеры – Элай Рот. Киногердің сөзінше, туындыны дүниеге әкелу үшін, ол Стивен Спилбергтің өзімен ақылдасқан екен.

Элай Рот, режиссер:

-Спилберг маған бұл қорқынышты туынды болуы тиіс, барынша үрейлі қылып таспала деді. Мен жарайды деп, келісе кеттім.

«Сағаты бар үйдің сыры» фантастикасы 21 қыркүйектен бастап, үлкен экрандарға жол тартпақ.