Айқын бірінші әйелінен туған қызын елге көрсетті.

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық шоу-бизнеске келгелі 15 жыл өтсе де, жұбайы мен балалары жайлы жақ ашпайтын Айқын, соңғы кездері жанұясындағы жаңалықтарды желіге жиі жүктейтін болған. Жуырда ғана екінші отбасындағы кенжесін көпшілікке көрсетсе, бұл жолы алғашқы некесіндегі ұл-қызын жұртқа таныстырды.

Аңсар мен Асылым! Бұл - Айқынның алғашқы жұбайы дүниеге әкелген ұл мен қызы! Күні кеше тұңғышын туған күнімен құттықтаған әнші, перзенттерімен өткізген ерекше сәтті таспаға тартып, желіге жүктепті.

Айқын Төлепберген, әнші:

-Қазір бір бос уақытым болса балаларыммен өткіземін. Футболы бар, анау-мынауы бар. Баратындар жерлеріміз көп. Ойыншық алып бер дейді. Мектепке апарам. Бүйтем-сүйтем деген сияқты.

Алдымен әйелін, кейін төрт баласын халыққа таныстырған Қайрат та, көпшілікті қызықтырған отбасылық құпиясының құлпын ұзақ ашпаған еді. Жары Жұлдыз, жанұялық концерттің өзін ұтымды пиар жобасына айналдыра білді.

Қайрат Нұртас, әнші:

-Жанұяммен шыққан себебім, жанұямды таныстыру болды. Жанұямды таныстырдым, отбасымды көрсеттім, 10 жыл жасырған әйелімді көрсеттім. Енді, халықтың алдында бетім ашық, Құдайға шүкір. Енді күнде суретке түсіп, күнде мақтанамын десең, иә!

Қайрат секілді сыр сақтау әдісін Төреғали де сәтті қолданды. Дегенмен, БАҚ өкілдерінің талай мәрте тығырыққа тірегенін, әнші әлі күнге есіне алады.

Төреғали Төреәлі, әнші:

-Бір журналистің алдына келе қалсаң, үйленгеніңізді неге жасырасыз? Қашан айтасыз? Әлі бойдақсыз ба? Тағы біреу үйлендіңіз бе, үйлендіңіз бе деп қоймайды. Енді, қатты үйленген жоқпын дедім де...

Бүгінде Төреш пен жұбайы Толқын үш бірдей бұрымдының ата-анасы. Сондай-ақ, жанұясын жұрт назарына жария қылуды қалаймтындардың қатарында әнші Ернар Айдар да бар.