Меган Маркл – ең сәнді әйел!

Сообщить о проблеме с эфиром

Актриса Меган Марклдың Гарри Ханзадаға тұрмысқа шыққаны сол-ақ еді, арудың есімі түрлі рейтингтердің көшін бастауда. People журналының пайымымен, патшалық әулеттің келіні «жылдың ең сәнді әйелі» атанды.

Танымалдар арасында, Меган Маркл дизайнерлік бағалы киімдер мен масс-маркетті үйлестіре білетін сәнқой ретінде ерекшеленген. Киім таңдаудағы талғамымен тәнті еткен ханшайымның, той көйлегі де көпке дейін талқыға түскен еді.

«Ең стилді» арулар тізімінде эпатажды образдарымен, көзге түсіп жүретін Ким Кардашьянның да есімі бар.

Сондай-ақ, Амаль Клуни, Кейт Бланшет, Джениффер Лопез, Санда Буллок та сәнді образдарымен үздіктер көшіне ілескен.