Алматыда бұрын-соңды болмаған көпқызметті «Abylai Khan Plaza» кешені ашылды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қала күні қарсаңында, Алматы тұрғындары мен қонақтарына жасалған ерекше тарту! Оңтүстік астанада бұрын-соңды болмаған көпқызметті «Abylai Khan Plaza» орталығы ашылды. Ал, атышулы кешеннің алғашқы қонақтары әлемдік жұлдыздар болмақ!

Кешеннің тұсаукесеріне Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек арнайы келген еді. Су жаңа ғимарат жуырда ғана жөндеу жұмыстары жүргізілген Абылайхан даңғылында орын тепкен. Сондықтан да, заманауи орталыққа әйгілі тұлғанын есімін беруді жөн деп шешілген көрінеді.

Джованни Рубини, италиялық «Ренко» компаниясының бас атқарушы директоры:

Біріншіден, аталмыш ғимараттың архитектурасына жіті көңіл бөлдік. Екіншіден, мұнда келген әрбір адам өзін үйіндегідей жайлы сезінгенін қаладық. Ол үшін, италияның ең таңдаулы жиһаздарына тапсырыс бердік.

Ал, қала тұрғындары мен қонақтары көпқызметті «Abylai Khan Plaza» кешенінен іздегенінің бәрін таба алмақ. Өйткені мұнда, алдыңғы қатарлы бизнес орталық, сауда галереясы, қонақүй, апартаменттер мен үш деңгейлі жерасты паркингі орналасқан.

Алексис Деларофф, Accor компаниясының Ресей мен ТМД-дағы бас директоры:

 Бұл Қазақстанда ашылған алғашқы Меркьюр бренді. Әлемнің әр түкпірінде бой көтерген аталмыш отель өз дизайнымен ерекшеленеді. Мәселен, Алматыдағы қонақүйден қазақы нақышты байқауға болады.

Ал, Меркюр отелінің алғашқы тұрғындары кілең әлемдік жұлдыздар болмақ. Өйткені, жақында өткізілетін Almaty Film Festival қонақтары, дәл осы жерде тұрақтамақ. Abylai Khan Plaza өз кезегінде, жер жаһанның кез-келген түкпірінен келген әрбір мейманды құшақ жая қарсы алуға әзір!