«GQ» журналының кезекті марапаты

Сообщить о проблеме с эфиром

Ресей жұлдыздары «GQ» журналының кезекті марапатына жиналды. Бұл жолы «жыл адамы» атағы футболшы – Артем Дзюбаға бұйырды.

GQ журналы ұйымдастырған Ресей жұлдыздарының кіл мықтыларын марапаттау шарасы, осымен 16-шы рет өтуде. 2018 жылдың «ең үздік продюсері» мәртебесі - Иван Ургант пен Александр Гудковқа бұйырса, «жыл музыканты» атағын - Макс Барских еншіледі.

Ал, «жыл актері» - Александр Петров, «теледидар бейнесі» деп - тележүргізуші Андрей Малахов танылды. «Жылдың ең үздік адамы» сыйлығы – Ресейлік «Зениттің» футболшысы Артем Дзюбаға тиесілі. Спортшының өзі тиісті тартуды табыстау салтанатына келе алмаса да, алғысын видео арқылы жолдапты.