Қазақ киносындағы алғашқы «Арыстан»! Эмир Байғазин Венеция фестивалінде «ең үздік режиссер» атанды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, Венеция фестивалінің өз мықтылары анықталуда. Отандасымыз Эмир Байғазин, әлемнің беделді киногерлерін шаң қаптырып, «ең үздік режиссер» марапатын жеңіп алды. Еске салсам, бұл қазақ киноқоржынына түскен алғашқы «Арыстан» жүлдесі.

«Көкжиектер» бағдарламасында «Үздік режиссер» аталымын жеңіп алған Эмир Байғазин айтулы шараға қатыса алмады. Себебі киногер, жүлделі «Өзен» туындысымен Канададағы Торонто фестиваліне аттанған болатын.

Эмир Байғазин:

Сәлем құрметті достар! Венецияда болмағаным өкінішті! Фестивальде керемет уақыт өткіздім, туындымды таныстырдым. Өз ұжымыма, ұйымдастырушыларға айтар алғысым зор!

Ал, 75-ші рет ұйымдастырылып отырған киножарыстың «Алтын арыстаны» Альфонсо Куаронға бұйырды. Оскар марапатының үш дүркін жеңімпазы, бұл жолы «Рома» атты картинасын бәйгеге қосқан.

Альфонсо Куарон, режиссер:

«Рома» лентасы үшін бұл үлкен мәртебе! Тарихы тереңнен бастау алатын, елеулі фестивалде «Алтын арыстанды» еншілеу үлкен қуаныш!

Марапаттау салтанатынан бірнеше жүлдені иемденіп қайтқан – «Ең үздік» лентасы болды. Йоргос Лантимос бұл фильмнің арқасында қазылар алқасының гран-приін еншілесе, «үздік актриса» аталымы Оливия Колманға тиесілі.

Оливия Колман, актриса:

 Біз Венеция қаласына қалай ғашық болсақ, біздің фильм де сіздердің көңілдеріңізден дәл солай шықты деп ойлаймын! Рахмет!

Жігіттер арасынан Уиллем Дефо суырылып алға шықты. Өнерпаз, «Ван Гог» картинасындағы шеберлігі үшін «үздік актер» марапатын жеңіп алды.