Балжан Бидаштың стилі

Сообщить о проблеме с эфиром

Кардашьян бикештің сән әлемінде - мыңдаған арулардың кумиріне айналғаны белгілі. Голливудтық жұлдыз, соңғы кезде «Кешьюлік» Балжан Бидашқа да шабыт сыйлайтын көрінеді. Атышулы гелзбенд мүшесінің, тренд қуу жолында өз түйгені де бар екен.

«Кешью» тобының әншісі - Балжан Бидаш, образдарын өте мұқият таңдайды. Кішкентайынан сәнді киіне білетін ару үшін, стильді көріну - өнерінен бөлек сүйікті ісі.

Балжан Бидаш, «Kesh You» тобының әншісі:

-Мен өзім көшеге ыңғайлы киім кигенді жақсы көремін. Мысалы мен осындай костюмдер мен пиджактармен кроссовка киемін. Мен айтарлықтай тренд қумаймын. Өйткені трендті қуатын болсаң өмірі жетпейсің.

Өзгелерден ерекшеленуді қалайтын Балжан, «жұлдыздар киім мәселесінде өздеріне көп көңіл бөлсе екен», дейді.

Балжан Бидаш, «Kesh You» тобының әншісі:

-Кішкене халықтың алдында ұялмай жүретіндей, халықтың адамы болғандықтан, халық одан бірнәрсе ала-алатындай болып киінсе ол өте жақсы. Өзінің абыройын да түсірмеу керек. Таза сапалы киіну керек.

Балжанның өзі шет елдік жұлдыздардың образдарын сараптап, қалт жібермей қадағалайтын көрінеді.

Балжан Бидаш, «Kesh You» тобының әншісі:

-Мен Голливудтық жұлдыздарды инстаграмда өте көп қараймын. Солардан бірдене алу үшін. Көбінесе мен әншілерге емес, модельдерге көп қараймын. Ким Кардашьян жанұясы, солардың қыздары, солардың стиліне көп қараймын.

Балжан «Кешью» тобының сахналық образдарына да жауап береді екен. Болашақта, тіпті, өзін дизайнер ретінде сынап көріп, жеке ателье ашсам деген ойы бар.