Сырқатынан айыққан Аврил Лавин қайта оралды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Біз жалғастырамыз. Тыңдармандарын сағындырған каналадық әнші – Аврил Лавин музыка әлемімен біржола қош айтыса жаздаған еді. Себебі бикеш, 5 жыл бұрын лайм ауруына шалдыққан болатын. Енді сәтін салып сырқатынан айыққан рок орындаушысы, көп күттірмей жаңа трегін де ұсынды!

«Head Above Water» - Аврилдің, ұзақ үзілістен кейін тыңдармандарына ұсынған трегі. Бұл ән әншінің жақында жарық көретін жаңа албомына кірмек. Өнер иесі, соңғы 5 жылын үйінде емделумен өткізген. Ауруынан айыққан әнші, ұзақ үзілістегі бар уақытын тек музыкаға арнапты.

***

«Тақтар ойынының» жұлдызы Николай Костер-Вальдау телехикаямен ат құйрығын үзісті. Сонымен қоса актер, менеджерімен де жұмысын тоқтатқан. Тіпті, экс-қызметкері, Николайды сотқа беріпті. Себебі, Вальдау мырза, агентіне 2 млн доллар көлеміндегі қарызын қайтармаған. Енді екі жақ өзара келісімге келе алмай жатқан көрінеді.

***

Ал, голливудтық танымал Ким Кардашьян, енді өз-өзін суретке түсіре алмай жүр. Жұлдыздың білегі зақымданғандықтан, дәрігерлер одан қолымен артық қимыл жасамауын талап еткен. Ал, Ким ханым енді, селфи жасауды өзінің көмекшісіне жүктеп қойыпты.