Ләйлә Сұлтанқызы «Форбс» тізімінен өз есімін көруге құлықты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ләйлә Сұлтанқызы бұдан-былай әйгілі «Форбс» журналының ең ауқаттылар тізімінен өз есімін де көруге ниетті. Кардашьяндай боламын деген тележүргізуші, ол үшін қандай тың қадамдарға бармақ? Жауабын тілшіміз біліп көрген еді.

Тележүргізушілікпен танылған Ләйлә Сұлтанқызы енді, актриса ретінде де ел есінде қалсам дейді. Сондықтан ол, Алматы қаласына арнайы келген көрінеді.

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:

-Менің келу себебім, осында досым Жан Мұқанов кино түсіріп жатыр «Свадьба кз» деген. Сол жерде кішігірім рөл болды. Алғаш рет полный метрға түсіп жатқаным.

Актерліктен өзге, Сұлтанқызының жобалары жетерлік. Алайда, танымал тележүргізуші басты табыс көзі - жарнама екенін жасырмайды.

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:

-Кейде мысалы біреулер кінәлап жатады, сіздің тым көп жарнама, жарнамаға өте қатты мән бересіз деп. Ал, басқаша қалай. Кешіріңізші, Ким Кардашьянның 20-жасар сіңлісі Форбсқа аяқ асты кіріп жатса, мен әлі кірген жоқпын. Менің кіруіме хақым жоқ па?

Кардашьянмен тең боламын деген Ләйлә, ауқаттылар тізімінен табылу үшін аянбай тер төгіп, жиған абыройын әр салада ұтымды пайдалануға әзір. Мәселен, Сұлтанқызы бұдан-былай бизнес-вумен атанбақ.

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:

-Осы жылдың соңына дейін, Алла бұйыртса дейін, кондитерлік желісін ашып отырмыз. Кодитерлік өнімдер барлығы тек тәтті өнімдер деп қабылдайды.Бірақ соның ішінде, соны жей отырып салмақ қоспау деген бағытында жылжысақ па деп отырмыз.

Одан бөлек, Ләйлә Сұлтанқызы осыдан жарты жыл бұрын уәде еткен кітабы туралы да ұмытпапты. Еске салсақ, тележүргізуші әлемнің әр түкпірінде ғұмыр кешіп жатқан қазақ әйелдері туралы тақырыпта қалам тербейтінін айтқан еді.

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:

-Мәлімет жинау оңай емес. Сол Пәкістаннан болсын, қазақ әйелдері туралы. Ол үшін тілдесуің керек, ол үшін өзің көруің керек. Біреудің сөзіне сеніп емес қой. Сол себептен, дәл қазіргі таңда біз бұл идеяны тастаған жоқпыз, бұл идеяны дамыту үстіндеміз.