«Алау» төрттігі триоға айналды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұдан былай Баян басқаратын «Алау» ұжымы мен топтың экс-әншісі Әсет те шоу-бизнесте бәсекелес атанды. Осы уақытқа дейін аталмыш төрттікте өнер көрсеткен Арыстанбек, бүгінде бойзбендтен бөлек кеткен. Ал, атышулы продюсер шәкіртіне қандай шара қолданды?!

Бұл Әсеттің «Алау» бойзбенді сапында бой көрсеткен соңғы бейнебаянның бірі. Жаз бойы ұжымдағы жоспарын орындап, жүктелген міндеттерін мүлтіксіз атқарған Арыстанбек, таяуда ғана топтағы жұмысын тоқтатқан. Ал, Астанада болған «ЕМА-2018» музыкалық премиясының қызыл кілемінен, аталмыш ұжымның үш жігіті ғана жүріп өтті.

Әсет Арыстанбек, «Алау» тобының экс-әншісі:

-Астанаға өкінішке орай бұл жолы мен бара алмаймын. Алматыда жұмыстарым бар. Сондықтан ренжімеңіздер!

Әсет бізге берген соңғы сұхбатында топтан кеткенін дәл осылай астарлап жеткізген-ді! Ал, ұжымдағы өзгерісті топ продюсері ресми түрде өзі хабарлады.

Баян Алагөзова, продюсер:

-Шынымды айтсам топтан біреудің кеткенін, қайтадан өзге өнерпаздың келгенін айтудан шаршадым. Тәжірибесі толыққан кез-келген әртістің, өз бетінше қызмет ету заңдылық. Оған менің етім үйренген. Яғни, Әсеттің «Алау» тобындағы жұмысы осы уақытқа дейін жалғасуы тиіс болғаны ғой...

2015-те құрылған бойзбенд, Баян басқаратын орталықпен 7 жылдық келісімшартқа қол қойған. Ал, мерзімі мәресіне жетпей қызметінен кеткен әнші жігітт, Алагөзованың қандай жазасы күтіп тұр?..

Баян Алагөзова, продюсер:

-Бір айта кетерлігі Әсет барлығына қолын бір сілтеп, бүкіл сыйластыққа сызат түсіріп кеткен жоқ. Біздің кеңсеге келіп, бірге шәй ішіп, жаңалықтарымен бөлісіп тұрады. Оның жеке дара шығуы, продюсерлік орталықтың ортақ шешімі. Ол жетілді, өсті. Қазіргі таңда өз еркімен жұмыс жасауға дайын деп ойлаймын.

Әдетте, Баян ханым топ құрамы өзгерсе, жаңа әншіні қатарға қосатын еді. Бұл жолы көлемді кастинг жариялап, әуре-сарсаңға түскісі келмесе керек. Алдағы уақытта «Алау» бойзбенді трио ретінде өнер көрсетеді. Ал, Әсетке шығармашылық жолда сәттілік серік болсын дейміз!