Сүйінші! «Ринголық» Батыр мен «Аюмилік» Әсел тұңғыштарын күтіп жүр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Алуа Қонараваның шәкірттері шығармашылықпен қатар, жеке өміріндегі жаңалықтарымен де қуантуда. Осы жылы отбасын құрған Батыр Байназаров пен Әсел Жамақаева тұңғыштарын күтіп жүр.

Батыр мен Әселдің сезіміне куә болған көпшіліктің, алғашқыда таңырқап қалғаны рас. Бұл жолы жұлдызды жұп ата-ана болатындарын жария еткісі келмегенімен, құпияның шетін Алуа ханым инста парақшасында ашып қойды.

Алайда көз бен сөзден қорыққан болуы керек, Әсел жанұясындағы сырды ақтарғысы келмеген сыңай танытты.

Иә, Айдана жағымды жаңалықты жұрттан жасырудың қажеті жоқтығын жақсы біледі. Өткен жылы алғаш рет ана атанған бикеш, екінші сәбиін күтіп жүрген сыңайлы.

«Ayumi» тобы:

Бір декреттен екінші декретке ауысып жатырмын. Сондықтан кішкене уақыт өтсін.

Айдана келешекте жеке әнші ретінде сахнаға оралуы бек мүмкін. Өйткені, декреттік демалыстағы бикеш, ностальгияға жиі бөленеді екен.

«Ayumi» тобы:

Сағынамын, иә! Пияз турап жатқан кезде анда-санда клиптерімізді көрсетіп қалады. Содан кейін ойланымын, қандай күшті кездер еді деп.

Топ сылқымдарын фанаттары да қатты сағынып жүрсе керек. Қыздар ұжымының қайта құрылуын қалайтындар, әлеуметтік желіде өтініштерін жолдайды екен.

«Ayumi» тобы:

Фанаттарымыз әрине қалайды қосылғанымызды. Бірақ ол болмайтын дүние деп ойлаймын. Өйткені Әселдің өз отбасы бар, менің өз отбасым бар. Ақназдың өз тобы бар.

Тарап кетсе де, топ мүшелері таяуда қайта қосылып, отандық жобалардың бірінде ән шырқамақ. «Хэйла» хитімен сахнаға шығататын «Аюми», халықпен осылайша қоштаспақ ниетте!

«Ayumi» тобы:

«Аюми» тобымен соңғы рет өнер көрсетейін деп жатырмыз.