Эминем мен Джойнер Лукас, «Lucky You»\лаки ю әніне бейнебаян ұсынды

Сообщить о проблеме с эфиром

Америкалық музыканттар да ерекше дуэт құрды. Бұл жолы қос рэпер Эминем мен Джойнер Лукас, «Lucky You» әніне бейнебаян ұсынды. Слим Шейди атағы асқақтап тұрған кездерін сағынса керек, бүгінде қызу еңбектеніп жатыр.

Эминемнің бұл трегі жақында жарық көрген «Kamikaze» альбомына енген. Джойнер Лукаспен дуэт құрған ол, бейнебаянда бетперде киген бір топ қарақшылармен шайқасқа түспек. Рэпер бұл зұлым жандарды, өзінің хейтерлеріне теңеп жүр. Ал ән бірден әлемдік чарттарға еніп үлгерген.

Осуна мен Эйкон да бірігіп, «Coméntale» трегіне бейнебаян ұсынды. Испан тілінде ән шырқаған музыканттар, клиптің сюжетіне махаббат хикаясын таңдапты.

Әнші Сиара да, тыңдармандарын «Dose»атты тың трегіне жаңа видео ұсынып, фанаттарын қуантты. Танымал өнерпаз бұл туындыда Американың аңызға айналған спортшыларын еске алған.