Рианна New York Fashion Week-ті топтамасының көрсетілімімен түйіндеді

Сообщить о проблеме с эфиром

Әншілікті уақытша ысырып қойған Рианна New York Fashion Week-ті топтамасының көрсетілімімен түйіндеді. Шараға келген меймандар, сән сахнадағы креативке өз көздерін сендіре алмай қайтқан екен. Плюс-сайз арулар, жүкті сәнбикелер, тропикалық алаң. Рири мұнымен не айтпақ болды екен?

Ел назарына іш киімдер топтамасын ұсынған Рири нағыз перфоманс ұйымдастырды. Тіпті, фэшн-шоуда, әпкелі-сіңлілі Хадидтер көлеңкеде қалғандай. Сән сахнасында олардың орнын плюс-сайз сәнбикелер мен жүкті арулар басты.

Іш киімдерін таныстыруда Рианнаның тың қадамға барғаны бекер емес көрінеді. Танымал әнші, бұл әрекетімен мінсіз мүсінді арулардың ғана емес, күллі нәзік жандылар қауымының әсем көрінуге құқылы екенін көрсеткендей.

Рианна, әнші, дизайнер:

Салмақ пен жасқа қарамастан, кез-келген әйелдің әдемі болуға құқы бар. Сондықтан, менің топтамамда әр түрлі, барлық өлшемдегі іш киімдерді көре аласыздар.

Көрсетілімнен соң, Рианна қадірлі меймандарын ертіп, Diamond Ball-ға атанды. Бұл оның төртінші рет, дәстүрлі түрде ұйымдастырып отырған қайрымдылық шарасы. Кеш қонақтарының басым бөлігі, жұлдыздар мен танымал тұлғалар.

Рианна, әнші, дизайнер:

Жыл сайын кешке келушілер саны көбеюде. Бұл мені қатты қуантады. Қайырымдылыққа жолында да жаннымды салып еңбек етуге дайынмын.

Diamond Ball-дан түскен бар қаржы, білім мен медицина бағытындағы жобаларды қолдау мақсатында жұмсалмақ. Риридің кең жүрегі мен игі істері оның өнердегі әріптестерін тәнті етіп жатқан көрінеді.

Исса Рэй, актриса:

Аталмыш шараға қатысудың өзін үлкен мәртебе деп санаймын.

Пэрис Хилтон, актриса, сәнқой:

Рианнаның сырт келбеті қандай әдемі болса, жан дүниесі де сондай көркем. Ол өзінің әсем дауысы мен танымалдылығын, өзгелердің өмірін жақсы жаққа өзгерту үшін қолдануда.