«Кристалз» тобының қыздарын сынап тастаған кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазақ поп музыкасы пайда болғалы, кью-поп әншілердің киіну стилі талай сынға іліккен-ді. Бұл тақырып әлі күнге дейін, қызу талқыға түсіп жатыр. Шаштарын түрлі түске бояп, сырға таққан жастарға, енді көшеде де тыным бермейтін көрінеді.

«Кристалз» тобының қыздары, имидждерін стилисттерге тапсырудан гөрі, өз талғамдарына сүйенеді екен. Талай сынның астында қалса да, бұл образ тек сахнаға арналған дегенді алға тартады.

«Crystals» тобы:

Біз, көшеде кетіп бара жатқанда, біздің шашымызға тиісіп, «мынау қазақтың қыздарына тән емес», не киіп алғансыңдар деп айтатындар бар. Ол сахналық образ ғана.

Бір жылдан аса өнер жолында жүрген «Ньютон» тобының, образға қатысты айтылатын жағымсыз пікірлерге еті үйренген. Жігіттер, киім мен шаш мәселесі - шығармашылыққа еш кедергі емес дейді.

«Newton» тобы:

Сол баяғыша бір әңгіме. Қыздарға ұқсайды, шаш бояу, құлақ тесу. Сондай әңгімелер. +00:06:44 Ең бастысы бұл жерде шаш бояу, біреулер ұзын сырға тағудан ерекшелену емес. Бізде ең бастысы ән, қимыл, сахнада өзімізді дұрыс ұстау.

Ал, жақында ғана шоу-бизнеске қадам басқан көк шашты «Сиситай», дәл осы образымен сахнаны да бағындырмақ. Айгерім өнер үшін, түрлі экспериментке дайынмын, дейді.

C.C.TAY, әнші, актриса:

Егер де керек болса қызылға, розовыйға бояй беремін. Бірақ менің ойымша, қазіргі уақытта, халық мені көк шашпен жаттағандықтан болар, жақын арада боямаймын деген ойдамын.

Жас әншілердің пайымдауынша, бастысы – өнерлері бағаланса болғаны.