Қайрат Нұртастың отбасы, орысша ән айтқан Заңғарды сынағандарға жауап берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қайрат Нұртастың інісі сыннан арылмай-ақ қойды. Алғашқыда бозбаланың ағылшын тіліндегі акцентін келеке кылған көпшілік, енді орысша жазылған әнін мазаққа айналдырса керек. Жұрттың кереғар пікірін, жас жігіттің ата-анасы мен ағасы қалай қабылдады?

Қайрат пен Заңғар:

Заңғардың тез танылуына үлес қосқан дәл осы туынды. Қайратпен қосыла шырқаған әнді мақтағандар да, даттағандар да жетерлік. Бірақ халықтың сыны да, қолдауы да хитмен мен інісіне шабыт сыйлаған сынды. Ағайындылар жақында тағы бір тың тректің тұсауын кесті.

Қайрат пен Заңғар «Сердце мое»:

Алғашқы дуэт ағылшын тілінде жарыққа шықса, бұл жолы бауырлар орысша орындаған. Бірақ, жаңа ән желіге жүктелген сәтте-ақ тағы да сынға ілікті.

Заңғар Нұртасұлы, Қ. Нұртастың інісі:

Мен үшін бұл мотивация. Өйткені халыққа дәлелдету. Менің дауысым бар, мен әлі шығамын дегенді дәлелдегім келеді. Қазір жоспарда клип, содан кейін қазақша әндер, орысша әндер, жалғасуда...

Жұлдызды жанұяға қатысты жағымсыз жазбаларды Гүлзира ханым да желіден жиі оқиды екен. Кенжесіне кереғар пікір білдірген көпшілікке, продюсердің жауабы мынадай.

Гүлзира Айдарбекова, продюсер:

Мүмкін енді анау айтатын шығар. Мүмкін иті, мысығы айтатын шығар деген сияқты әңгімелерді айтады. Енді ән айтуды мен қылмыс деп ойламаймын. «Әу демейтін қазақ жоқ» - дейді ғой. Сондықтан ән айтқан ұят нәрсе емес. Көшеде арақ ішіп, домалап жатқан жоқ.

Ал, Қайрат Нұртас інісінің шоу-бизнеске бет аласын қолдауда қол қусырып қалмайтынын айтады.

Қайрат Нұртас, әнші:

Заңғарға айтарым, барлығы Алланың қалауымен. Сондықтан алға баса бер. Тыңдайтындарды тыңда, тыңдамайтындарды тыңдама!