«The Black Eyed Peas» тобы 10 жылдық үзілістен кейін, қайта оралды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, әйгілі «The Black Eyed Peas» тобы сахнамен қайта табысады. Әйгілі өнерпаздар «Big love» атты су жаңа трегын де ұсынды. Музыкалық ұжым кезіндегі атақ-абыройын қайтара ала ма?

Will.i.am\уил ай эм, Apl.de.ap\эпл ди эп пен Taboo\табу, және Ферги – осы төрт өнерпаздан құралған әйгілі топ, алғашқыда хип-хоп стилінде ән шырқап, уақыт өте поп-данс жанрында өнер көрсеткен еді. Атақты ұжым 1995 жылы Лос-Анжделес қаласында алғаш сахнаға шыққан.

2003 жылы жарық көрген «Boom Boom Pow» әні, биллборд чартының көшінде 15 апта бойы тұрақтап, рекорд орнатты.

2010 жылы Грэмми марапатының 3 жүлдесіне ие болған топ, бір жылдан кейін шығармашылықтарын тоқтатқанын мәлімдеді.

Тыңдармандарын сағындырған атақты музыканттар, араға 10 жыл салып, қайта қосылды. Бірақ, Фергисіз. Себебі, әнші жеке шығармашылығын шыңдауда. Ал, The Black Eyed Peas қазан айында жаңа үнтаспасын да ұсынбақ.