Виктория Бекхэм Лондон сән апталығының жұлдызы

Сообщить о проблеме с эфиром

Виктория Бекхэм Лондон сән апталығының жұлдызына айналды. Дизайнер, көпшілік тағатсыздана күткен топтамасын таныстырған еді. Әдеттегідей, бұл жолы да оны ет жақындары қолдай келген.

Бұл көрсетілім - Виктория үшін бұрынғыдан өзгерек. Себебі, Бекхем ханымның брендіне биыл он жыл толып отыр. Соған орай, дизайнер мерейтойлық топтамасын туған елі Ұлыбританияда таныстыруды жөн санаған.

Кешке келген сәнқойлар Викторияның стилін бірден тани алды. Костюмдер, түстердегі ұстамдылық, ерлер гардеробын еске түсіретін үлгілер. Ал, фэшн шоудың басты жанкүйерлері – бәз баяғыша Бекхэмдер жанұясы.

Жаңа туындыларын таныстырған Джулиена Макдональдтың қолдаушылары ет жақындары емес, жұлдызды тұлғалар. Әйгіл дизайнердің ерекше шоуын тамашалауға Николь Шерзингердің өзі арнайы келген.

Қызыл кілемге арналғандай, көздің жауын алатын әсем көйлектерді таныстыру, «Виктория Сикрет» періштелері - Изабель Гуллар мен Винни Харлоудың өзіне тапсырылған еді.

Темперли Лондон сән үйі де, талғаммен тігілген көйлектер арқылы сәнқойлардың ыстық ықыласын жаулауға ниетті. «Алтын, күміс, ашық-жарқын реңктер – нағыз жаз топтамасына арналған түстер» -дейді дизайнер.

Элис Темперли, дизайнер:

-Мерекелік, көтеріңкі-көңіл күй сыйлайтын киім үлгілері дер едім. Жаз мауысымына арналған бұл соңғы топтамамыз болмақ. Себебі, бұдан кейін өзге мезгілдерге көбірек көңіл бөлмекпіз.