Almaty Film Festival қызыл кілемі!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл уик-енд отандық өнерпаздар үшін де сұлулық пен сән салтанатына толы болды! Оңтүстік астанада тұңғыш рет Almaty Film Festival ұйымдастырылған еді. Халықаралық кинобайқаудың қызыл кілемінде біздің тілшіміз де төбе көрсетіп, танымалдардың қандай дайындықпен келгенін бағамдап қайтты.

Мадина Дәулетқызы, тілші:

-Almaty Film Festival өз қонақтарын қарсы алуға дайын! Ал, меймандар айтулы шараға әзір ме?

Аlmaty Film Festival-дың қатал талабына сай, кеш меймандарына «Black Tiе» дресс кодына сай келу керектін. Яғни, аруларға кешкі көйлек, ерлер қауымына смокинг кию міндеттелген. Алайда, жұлдыздар сөздің мағынасын тура түсінді ме, басым көпшілігі қара түсті таңдапты.

Құралай Анарбекова, актриса:

-Көріп отырсаңыз, мына кілемге алғашқы қадам басқаннан бастап, үлкен деңгейде екені, мына адамдардың қошеметі, және осы жердегі атмосфера осындай үлкен деңгейді, мінезін береді осы фестивальдің.

Айгерім Қоянбаева, Нұрланның жары:

 Ия, рас. Но конечно мы в основном вместе, но в основном стараюсь подобрать я. -То есть вы личный стилист Нурлана?- Могу сказать да. – Мен бүгін шортымен келейін дегем. Жоқ, костюм киесің деді. -Керемет, рахмет! – Сізге рахмет.

Динара Бақтыбаева, актриса:

– Бүгінгі көйлегіңіз өте әдемі. Соған қарағанда арнайы тіктірген сияқтысыз?

– Шынымды айтсам, көйлегімді бүгін түсте таптым. Себебі, елге екі күн бұрын ғана келдім. Дайындалуға уақытым болмады. Сондықтан, шұғыл түрде көйлек іздеуге тура келді.

Арман Қоңырбаев, әнші:

-Арман, Аша бүгінгі киімдеріңізге қарағанда, келісіп киінген сияқтысыздар, бір түсте.

- Жоқ арнайы, қатты келіскен жоқпыз. Бірақ, қарада болатынымызды айттық. Енді, келістік деп айтуға да болады, иә, дұрыс айтасыз.

Аша Матай, актриса, тележүргізуші:

-Арманның ең сүйікті түсі қара түс. Сондықтан да, әрдайым жұбайымды қуантудан шаршамаймын.

Жұлдыздар арасынан Іңкәр Абдраш ерекшеленіп қалды. Акртиса, қызыл кілем талаптарына қарамастан, қазақы нақышта киініп келуді жөн көріпті.

Іңкәр Абдраш, актриса:

-Мен бүгін, қазақша шапан кидім. Енді, бұл біздің ұлттық фестиваль болғандықтан. Енді, қазақтың қыздары өзіміздің шапанымызды киіп, көйлектерімізді киіп.