Әлидің әншілік қырын ашқан кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Оқаповты отандық шоу-бизнеске әкелген, атақты анасы деп болжайтындар көп екен. Бұл жолы сері жігіт, бұл пікірге қатысты жауап берді. Әлидің әншілік қырымен танылуына Роза ханымның емес, өзге өнерпаздың қолдауы орасан көрінеді.

Әли, өзін ән әлеміне баптаған ағасымен бірлесе, су жаңа клиптің түсіріліміне кірісіп кеткен. Жұлдызды жанұяда дүниеге келсе де, осыдан он жыл бұрын Оқаповты отандық шоу-бизнеске шақырған Сырымтай Еңсепов екен.

Сырымтай Еңсепов, әнші:

-Ол кезде енді Әли жас, К. Байсейітов мектебінде оқып жүрді. Біз енді дос ретінде емес, аға-іні ретінде жүрміз. Әрдайым Әлиге ән айт, ән айт жеп жүрген өзім бірінші болатынмын.

Әли Оқапов, әнші:

- Сырымтай менен бұрын шықты сахнаға. Бірақ, өкінішке орай бірнеше жылға үзіліс алды. Мүлде басқа салаға кеткен. Бірақ біздің араласқанымыз үзілмеді.

Жылдар жылжып, уақыт сырғыды! Кешегі бала Әли, бүгінде эстрадамыздың белді өкілінің біріне айналды. Інісінің өнердегі жинаған тәжірибесін, енді ағасы кәдесіне жаратып жүр.

Әли Оқапов, әнші:

-Бейнебаян түсіру жағынан менің тәжірибем жеткілікті. Яғни, бекерден бекер емес. 15 бейнебаяным бар. Барлық режиссерлармен жұмыс істеп көргенмін. Және де осы бейнебаянның өзінде де ұйымдастырушылық, кейбір креативтік тұрғыдан шыны керек мен өзімнің ойымды айттым.

Сырымтай мен Әлидің бірлескен бейнебаяны - «Өте ұнайды» деп аталады.

Көптен күткен дуэттің жарыққа шығуына, өзге әріптестері де ат салысқан. Әнді «The Jigits» тобының солисі Әлішер Егембердиев жазса, Мархаба Сәби - мәтінінің авторы. Романтикалық видеоның дайын нұсқасы, жақын арада ғаламторға жүктеледі.