«Тақтар ойыны» телехикаясы «Эмми» жүлдесін ала ала ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сәнқой актрисалар болса, Лос-Анджелесте «Эмми» марапатына жиналды. Скарлетт Йоханссон өзінің ғашығымен келіп қызыл кілемнің көркін ашса, сахна үстінде, режиссер Гленн Вайс сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады. Ал «Эммидің» осы жылғы үздігі атанғандар кім?

70-ші «Эмми» мараптанының ашылу салтанатында шеру тартқан жұлдыздар көшінде: Скарлетт Йоханнсон сүйіктісі - Колин Жостпен жүрсе, Джессика Бил, Джастин Тимберлейк, Крисси Тейген, Хайди Клум мен Бенедикт Камбербэтч сынды танымалдар да ешкімнен қалыспай ертерек келген. «Эмми» жүлдесі – телевизиялық картиналар үшін «Оскармен» пара-пар. Салтанатты рәсімнің ең басты марапаты - «ең үздік телехикая» аталымы «Тақтар ойынына» бұйырды.

Кит Харингтон, актер:

-Телехикая менің жұмысым ғана емес, өмірімнің мәніне де айналды. Мен тіпті жарымды да осы жерде кездестірдім. Біз бұл мараптқа лайықпыз.

Сонымен қоса, телетуындының кейіпкері Питер Динклэйдж «екінші рөлдегі үздік актер» номинациясын еншіледі.

Питер Динклэйдж, актер:

-Мен өзімнің екінші анамнан туған бауырым - Николай Костер Вальдауға және керемет туындының авторы Джордж Мартинге алғысымды білдіремін.

«Екінші рөлдегі үздік актриса» атағын «Жабайы батыс әлемі» туындысының кейіпкері -Тэнди Ньютон иеленсе, «Әртүрлілік» туындысы үшін «үздік режиссер» атанған Гленн Вайс болса, жұлдызы жанған сәтінде сүйіктісі Яна Свендсенге үйленуге ұсыныс жасап, оң жауап та алды.

«Жылдың үздік актерлері» деп Клэр Фой мен Дарен Криске танылса, «Қара айна» туындысы үшін «үздік сценарий авторы» деген мәртебе Уильям Бриджес пен Чарли Буркерге бұйырды. «Эмми» жүлдесі телехикаялар арасындағы кіл мықтыларды марапаттауды 1946-шы жылдан бастап дәстүрге айналдырған.