Танымал вайнерлер шоу-бизнеске неге ұмтылмайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Небәрі 6 секундтық вайн түсіруден басталған ермек, бүгінде үлкен өнерге айналған. Тіпті осы саланың танымалдары үшін, бұл кәсіптің бір түрі. Ал, отандық талантты жастар, шоу-бизнес әлімінен орын таба ала ма? Олар өздерін кім санайды? Тілшіміз біліп көрді.

Көңілді вайндар түсіріп танымал болып жүрген талантты жастар, қазіргі таңда өз алдына жұлдызға айналған. Әзілді арқау еткен қысқа роликтердің кейіпкері Жансерік Қадырбаев та, өзін ғаламтор жұлдызы санайды. Ал блогердің «вайнер» деген ұғымға келгенде өз айтары бар.

Жансерік Қадырбаве, вайнер:

-Негізі вайнерлар дегенді білмеймін, бірақ инстаграм деген платформада, өз-өздерін ешқандай таныссыз, ешқандай ақшасыз, инстаграм бізге осындай мүмкіндік берді. Былайша айтқанда бір тәуелсіз өнер иелеріміз.

Ал, «Jokeassas» командасының вайнерлері, бүгінде тек күлкілі видео түсіріп қана қоймай, ән де шырқап жүр. Өнерлі жастар өздерінің талантын барлық салада да байқап көрмек.

Бексұлтан мен Жандос, «Jokeassas» командасының вайнерлері:

-Біз өзімізді видеоблогер, вайнер, рэпер, музыкант. Білмеймін көп атаулары бар. Өзіміз әлі шешпедік. Бірақ біз өзімізді «контент креатор» деп атаған ұнайды. Өйткені біз контент жасаймыз. Медиа адамдар деп айтсақ та болады.

Ғаламторда бірден танылған Нагимуша болса, актрисалық қабілетін кинода да сынап көрген. Алайда, ол біреудің айтқанымен жүруге құлықсыз. Сондықтан, интернет әлемінде өзім би, өзім қожа болғаным жақсы дейді ол.

Нагимуша, вайнер:

-Өзім білем не істейтінімді, қайда баратынымды. Кейбіреулері барады шоу-бизнеске, кейбіреулері бармайды көбісі, ол интернетте қала береді. Шоу-бизнесте не бар ақша жоқ, түк жоқ онда не істейді адамдар. Тек қана адамдар үшін беттерін көрсетеді.

Ақсұлтан Қалиев болса, вайнерлікті шоу-бизнестен жоғары қояды.

Ақсұлтан Қалиев, «Xa-Xa Show» каналының негізін қалаушы:

-Вайнерлар бөлек бір шоу-бизнестің түрі шығар. Бұл шоу-бизнестан гөрі, жастардың бөлек толқыны. Шоу-бизнестен әлдеқайда қызықтырақ.