Димаштың ата-анасы қытай қызын келін қылуға дайын ба?

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәл осы суретін инста-парақшасына салған Димаш, өз жанкүйерлерінің санасын сан-саққа жүгіртті. Қытай қызын қалыңдық қылған қазақ баласының фотосы, желідегі жұртқа жақпай қалған еді. Ал, әншінің ата-анасы аспан асты елінен ақ келін айттыруға дайын ба?!

Дирстардың жүрегін дір еткізген Димаштың дәл осы суреті. Аспан асты елінің аруымен аймаласқан видеосын желіге жүктеген отандасымызға, жазылған пікірлердің санында шек болмай тұр.

Ал, әйгілі әншінің ата-анасы аралас неке дегенге қарсы. «Димашты әлем танығанымен, қазақ баласы өз ұлтының қызына үйленуі тиіс» - дейді.

Қанат Айтбаев, Д. Құдайбергеннің әкесі:

-Қазақы ортада, біздің ұлттық менталитетімізді бойына сіңіріп өскен бала. Біздің үйде үлкенге құрмет, кішіге ізет қағидасын барлығы ұстанған. Сондықтан біздің айналамыздағы ағайындардың, қаншалықты талапты екенін Димаш біледі.

Света Айтбаева, Д. Құдайбергеннің анасы:

-Қандай болу керек. Қазақы, тәрбиелі көргенді ең бастысы. Білімді сондай болса екен деп айтып отырамыз. Ол енді балалардың құлағында қалатын шығар!

Сонымен, сері жігіттің әуре-сарсаңға түскен жанкүйерлерін сабырға шақырамыз! Әншінің анасының айтуынша, таяуда танымал әулетте той болмайды.

Света Айтбаева, Д. Құдайбергеннің анасы:

-Димаштың қазіргі таңда жұмыспен байланысты жоспарлары қатты. Көп болып тұр. Сондықтан, әзірге ол туралы айтпайды. Бірақ айтса екен деп, тілектес болып жүрміз!

«I am singer» жобасынан соң, Қытай жұрты қазақстандық өнерпазбен жақсы қарым-қатынас орнатқан. Ғаламторды дүрліктерген фото-видеолар, Димаштың аспан асты еліндегі шығармашылық жолда атқарған жұмыстары екен.

Қанат Айтбаев, Д. Құдайбергеннің әкесі:

-Қытайда біздің жақсы әріптестеріміз бар. Сол өңірде көбірек сұранысқа ие болғаннан кейін, көбірек сонда барады!