Айзаның бейнебаяны үшін басы дауға қалды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әнші Айзаның, күні кеше жарыққа шыққан бейнебаяны үшін басы дауға қалды. Танымал тележүргізуші, әрі дизайнер өзінің өнердегі әріптестері: Тати, Гуф пен Кристина Сиді өкпелетіп алған көрінеді. Жұлдыздардың алауыздығына не себеп болды?

Айзаның «Rollin» бейнебаяны бір тәулікте 2 млн қаралым жинаған. Рэп орындаушысы үшін бұл көрсеткіш - үлкен жетістік. Алайда, тың трек өзге әріптестерінің көңілінен шықпапты. «Саған рэп айтқан жараспайды» деп жағымсыз пікірлерін білдірген өнер өкілдері, музыкаға енді қадам басқан Айзаға тоқтау бола алмаса керек.

***

Актриса Блейк Лайвли көптен күткен «Қарапайым өтініш» картинасының тұсауын кесті. Лентада Анна Кендрик те басты кейіпкердің бірін сомдаған. Танымал қос ару, бұл жолғы детективті фильмде, сатқындық пен өшпенділікке қатар тап болмақ.

Блейк Лайвли, актриса:

-Режиссер Пол Фиг, өте дарынды. Біздің ортақ туындымыз, көрермендерді батылдық пен қоса, нәзік болуға жетелейді.

Лентаны отандық көрермен, 20-шы қыркүйектен бастап көре алады.

***

Алпысқа келген актриса Шэрон Стоун, өзінің 41 жастағы ғашығы Анджело Боффамен қарым-қатынасын үзгенін мәлімдеді. Танымал жұлдыз, италияндық бизнесменмен бір жылдан аса жұп құрған. Тіпті, кәсіпкер сері наурыз айында Шэронға ұсыныс та жасаған болатын. Алайда экс-ғашықтардың дәм-тұзы жараспай, екі жаққа еткен.