Айдана Меденова мен Нұрсұлтан Есжанға не ортақ?

Сообщить о проблеме с эфиром

Менің әріптесім Нұрсұлтан Есжан Айдана Меденовамен бірге, клубта тілшіміздің құрығына түсті. Әнші ару мен тележүргізуші түннің бір уағында не істеп жүр? Жауабын танымалдардың өзі түсіндіріп айтсын.

Түнгі клубтардың бірінен табылған Нұрсұлтан мен Айдана қызу жұмысқа кіріскен. Сөйтсек, Меденова ханым араға жыл салып, кезекті бейнебаянын таспалап жатыр екен. Су жаңа туындыда басты рөлде - Есжанның өзі болмақ.

Нұрсұлтан Есжан, тележүргізуші:

-Мына Айдананың да ұсынысынан бас тарта алмадым. Өйткені, өзім үшін қызық болды. Бейнебаян болғанына қарамастан. Образ жайына келер болсақ, жас жігіт, қарапайым еден жуушы жігітке Айдана ғашық болып қалады. Ары қарай ашып айтпай-ақ қояйын.

Дәл осылай, сюжет бойынша Нұрсұлтанға ғашық болған Меденова, қолға алған ісі көпке ұнарына сенімді. Аталмыш туындының әні мен сөзін қырғыз композиторы Айданаға арнайы жазса, қазақша нұсқасын әнші арудың жездесі әзірлепті.

Айдана Меденова, әнші:

-Бұл енді, он образдың біреуі. Он образ болады. Мен үшін ерекше ән деп айтуға болады. Өйткені, стилі де басқаша. Біздің көрермендерге сюрприз.

Айдана тың образдарымен ғана таңқалдырмақ ниетте емес. Бұл бейнебаянның тағы бір ерекшелігі – оны кәсіби маман емес, арнайы құрылғылар, тірі жанның көмегінсіз түсіріп жатқан көрінеді.

Айдана Меденова, әнші:

-Бұл түсірілім ерекше болатын сияқты. Өйткені, әдеттегідей тек оператр түсіреді ғой, бұл жерде робот түсіреді. Сондықтан, сондықтан сондай бір екекше болатын сияқты.

Ал, жаңа технологияның көмегімен таспаланған туындыға, Айдананың жанкүйерлері көп ұзамай өз бағасын бере алмақ!