Асылхан Төлепов - қырғыз киносының жұлдызы!

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық актерлеріміз болса, әзірше айыр қалпақты ағайындардың жүрегін жаулауға ниетті. Асылхан Төлепов пен Гүлназ Жоланова басты рөлді сомдаған қырғызстандық «Көкпар» картинасының тұсауы кесілді. Неліктен қазақ актерлері? Бұл сауалды режиссердың өзіне қойып көрдік.

Қазақ актерлерінің басын қосқан картина сюжеті талантты көкпаршы - Мақсат жайында өрбиді. Жас жігіт маңызды бір ойындағы сәтсіздіктен соң, ауылына оралып, енді жаңа командамен жеңіске қайта жетуді көздейді. Қиындық пен құмарлық, спорт және сатқындық. Экшнға толы лентада махаббатқа да орын бар. Мақсаттың ғашығы, журналист арудың образын сомдау – Гүлназ Жолановаға бұйырған болатын.

Гүлназ Жоланова, актриса:

-Өзімнің мамандығым журналист. Физикалық тұрғыда ешқандай қиындық болған жоқ. Бірақ, Асылханға онын жанындағы жігіттерге, көкпаршыларға қиын болды.

Асылхан Төлепов, актер:

-Кәсіби түрде дайындап, ойнап, ауылдың жігіттерімен шынайы көкпар ойнап, екінші орын алып, жігіттерге жақсы нәтиже көрсеткен сияқты болдым. Бірақ фильмде мүлде бөлек. Аттармен негізі түсіру қиынғой, атқа сен камераға оң жақа тұр, камерада сол жақа тұр дегеніңді түсінбейді.

Ал, қырғыз режиссері Руслан Акуновтан отандық актерлерге неліктен таңдау түсіргенін сұрап көрдік. Киногердің бұған қатысты өз тұжырымы да дайын.

Руслан Акун, актер:

-Басты рөлге актерді ұзақ іздедік. Барлығының ішінен Асылхан бүкіл талаптарға сай келді. Яғни, біріншіден атқа міне білсе, екіншіден актерлік шеберлігі мықты болды. Үшіншіден, елге танылған адам болғанын қаладық.

Экшнға толы спорттық драманы тамашалаған алғашқы көрермендері болса, лента туралы өз ойын ортаға салуға асықты. Сонымен, жұлдыздардың кинотуындыға қатысты берер бағасы қандай?

Данияр Өтеген, әнші:

-Көбінесе осындай ойын туралы фильмдердің сюжетін алдын-ала біліп отырасың. Бұл фильмде менің ойымша, сюжеттік жағы жақсы қарастырылған. Және де шынымен де соңғы жағына дейін, қалай шешілетінін білмей отырасың.

Артур Төлепов, актер, әнші:

-Фильм өскелең ұрпаққа, жалпы жастарға патриоттық тәрбиелік мәні жағынан, ой салатын кермет туынды болды деп санаймын.

Анар Батырхан, актриса:

-Үлкен дайындық болғаны көрініп тұр. Үлкен жұмыс атқарылғаны көрініп тұр.