Анджелина Джоли мен Брэд Питт соттасуды енді тоқтатпақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Танымал жұлдыздар: Анджелиа Джоли мен Бред Питт те өзара құйтырқылығы көп қарым-қатынасқа нүкте қою үшін, сотқа жүгініп көрген еді. Тіпті ортақ балаларын да бөлісе алмай дал болған. Енді Джоли экс-күйеуін, мәселеге көпті араластырмай, екеуара шешуге шақырыпты.

Қазіргі таңда Анджелина мен Брэд Питт балаларын бағып-қағуды кезектесіп атқаруда. Анджи, экс-күйеуіне ұл-қыздарын толықтай өз қамқорлығына алуына және олардың әкесімен қалаған уақытта жүздесуіне рұқсат беретінін айтыпты. Актриса осы ниетіне орай соңғы сот отырысын да кейінге шегерген. Енді Джоли, Брэдтің бір шешімге келгенін асыға тосып жүр.

Танымал сәнбике Ирина Шейктің, өз дене-бітіміне көңілі толмай жүр екен. Жұлдыздың мінсіз мүсіні, миллиондаған қыздың арманына айналса да, Шейк үшін әдемі бола түсуге бұл әлі аз. Сән әлемінде беделі бар Иринаның айтуынша, спортзал мен диетадан бөлек, өз жігеріңде де жани білу, сұлулыққа жеткізетін баспалдақ.

Ал әнші, әрі актриса Джессика Симпсон үшінші рет ана атанбақ. Жұлдыз тіпті болашақ сәбиінің қыз болатынын айтып, қуанышты жаңалығымен бөлісті. 38 жасқа келген Джессика, музыкант Эрик Джонсонмен, 2014 жылдан бері бірге. Олар Эйс пен Дрю есімді екі бала тәрбиелеп отыр.