«Канело» Головкиннен жеңілген боксшымен жұдырықтаспақ.

Сообщить о проблеме с эфиром

Сауль Альварес, Головкинді жеңіп орта салмақтың чемпионы атанған соң, АҚШ-тың екі бірдей спорттық аренасын жалға алуға келісіп қойыпты. Мақсаты жылдың соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізу екен. Генаны да уақыт созбай айқасқа түсуге шақырушы қарсыластары бар. Кім-кіммен рингте кездесуі мүмкін?

12 раундық тартысты айқастан соң, төрешілердің шешімімен таразы басы Альвареске ауған еді. Кәсіпқой бокстағы 12 жылдық мансабында, ұпай санымен Головкин алғаш рет жеңіліс тапты. Оның командасы болса Генадий рингке 2019 жылдың көктемінде ғана, қайта оралуы мүмкін дегенді айтады. «Канело» болса осы жылдың соңында орта салмақтың, тағы бір өкілімен жұдырықтасуға дайын. Мексикалыққа қарсылас атануы мүмкін үміткерлер тізімінде, канадалық боксшы Давид Лемьенің есімі бірінші тұр.

Головкин мен Лемье бұған дейін 2015 жылы Нью-Йорк қаласындағы әйгілі Мэдисон Сквер Гарденде рингке шыққан еді. Бұл жекпе-жекте Давид қауқарлы қарсылық танытқанымен, Генндий кездесуді 8-ші раундта техникалық нокаутпен аяқтаған. 15 қыркүйекте канадалық спортшы «Головкин-Альварес» айқасқан бокс кешінде де өнер көрсеткен болатын. Давид өзінің намысына әбден тиген ирландиялық Гэрри О Салливанды бірінші раунда нокаутқа түсірді. Енді WBC, WBA (Super), The Ring чемиондық белбеулерінің иегері Канеломен айқасуды қалайды.

«Golden Boy» промоутерлік компаниясы, Альварестің күш-қуаты барда ақша тауып қалғысы келетінін еш жасырмайды. Канелоның демалыста жүргенде, командасы Лас-Вегастағы MGM Grand пен Нью-Йорктегі MSG-ге күні бұрын жекпе-жек жоспарлап қойған. «Канело» мен Лемьенің айқасы осы ареналардың бірінде өтуі бек мүмкін. Оның ізін аңдып кубалық Эрисланди Лара тұр. Бокс мамандары Головкин келер жылы Билли Джо Сондерспен немесе Джермалл Чарломен жұдырықтасады деп күтуде. Жеңіске жетіп жатса, қыр астында жанкүйерлерді «Гловкин&Альварес-3» күтіп тұр.