Аврин Лавиннің жаңа трегі!

Сообщить о проблеме с эфиром

Америкалық танымал әнші - Аврин Лавин 5 жылдық үзілістен кейін, жаңа туындысын жарыққа шығарды. Көптен күткен тың трек, өнерлі қыздың бұрынғы жұлдызын қайта жағуға септік бола ала ма?

Тыңдармандарын сағындырған әнші, денсаулығына байланысты, бірнеше жыл сахнада өнер көрсете алмаған еді. Ал ұсынған тың туындысы - «Head Above Water» деп аталады.

Авриннің бұл трегі, жақында жарыққа шығатын, алтыншы альбомына кірмек.

Джорджи Смит өзінің ең алғашқы әнжинағына енген, «On Your Own» әніне, су жаңа бейнебаян ұсынды. Клиптің сюжеті, Джорджидің өзімен ғана шектеледі.

Әнші қыздың «Lost & Found» деп атпен жарияланған үнтаспасынан 12 трек тыңдай аласыз.

Рэпер 2 Chainz да, «Bigger Than You» әніне клип таспалады. Музыкантқа бұл туындының жарыққа шығуына танымал рэпер Дрейк пен әнші Quavo жәрдемдесіпті.

Дрейк, өнердегі әріптестеріне қолынан келгенгенше көмегін аямайды. Әннің сөзі мен музыкасы рэпердің жетекшілігімен дүниеге келген екен.