Хлои Кардашьян сүйіктісін тағы кешірді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Хлои Кардашьян сүйіктісі Тристан Томпсонның тағы бір опасыздығына шыдауға мәжбүр. Баскетболшының бұл жолғы қылығы, жұлдыздардың шаңырағын шайқалтуы мүмкін бе?

Хлои Кардашьян бірінші күйеуінің опасыздығының кесірінен айырылысып тынған еді. Енді бес айлық қызының әкесі Тристан Томпсонның, мұндай қылықтарына да көз жұма қарап жүр. Баскетболшы түнгі клубтарда тағы да өзге арулармен қыдырған. Жалғыз қалудан қорқатын Хлои, ғашығын қайта кешірген көрінеді.

***

Отбасындағы өзара түсініспеушілік Кимнің де басынан өтуде. Бұл жолы Кардашьян ханым рэпер Дрейкпен көңіл қосты деген қауесет тараған. Оған, «Kiki, do you love mе» деп шырқаған Дрейктің әні себеп болса керек. Кимді, жақындары «Кикки» деп атайды екен. Ал, ашуға булыққан Канье Уэст бұның бәрі табынушылардың құйтұрқы әрекеті екеніне сенімді.

***

Джастин Теру болса, Дженнифер Энистонмен қарым-қатынасын үзгеніне әлі де қапалы. Актер, экс-жұбайын қимай жүргенін мойындады. Қолынан келсе қайта қосылуға да дайын екен. Ал Дженнифер, бұрынғы күйеуімен тек «дос ретінде» араласуға ниетті.