Қайрат Ахметов қытайлық қарсыласына еш мүмкіндік бермеді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әйгілі ONE FC ұйымында төбелесін жүрген отандасымыз Қайрат Ахметов кезекті жеңісіне қол жеткізді. «Qazaq» деген лақап атымен танылған аралас жекпе-жек шебері, Джакарта қаласында өткен турнирде, Ма Хао Биннен ұпай санымен басым түскен. Қайрат, қытайлық қарсыласын үш раунд бойы өз бақылауында ұстап, еш қиындықсыз ұта білді. Бұл бірауыздан жасалған төрешілер шешімі.

Ахметов бұған дейін ONE FC тұжырымының чемпиондық белбеуіне иелік еткен. Ол 2017 жылы бразилиялық Адреано Мораtспен өткізген реваншта, 5 раунд қорытындысы бойынша есе жіберген еді. 30 жастағы Қайраттың кәсіпқой жекпе-жекте 32 жеңісі, 2 жеңілісі бар.