Милан сән апталығы!

Сообщить о проблеме с эфиром

Миланда сән қуған арулардың басын қосқан фэшн-уик жалғасуда! Әйгілі Giorgio Armani брендінің су жаңа топтамасын тамашалауға Кейт Бланшеттің өзі келді. Соған қарағанда, актриса кезекті қызыл кілем салтанатына жаңа образ таңдап жүр.

Джорджио Арма́ни дизайнеріне топтаманы әзірлеуде - теңіз тақырыбы шалқар шабыт сыйлағандай. Жібек пен шифоннан тігілген көйлектер, шалбарлар мен костюмдер – барлығы көк түстің түрлі реңктерінен құралған.

Ел тағатсыздана тосқан ең елеулі фэшн шоуды тамашалауға: «Оскар» жүлдегері Кейт Бланшет, Арнолдь Шварцнегердің ұлы Патрик те келген еді. Одан өзге, қадірлі меймандар арасынан Үндістан жұлдызы – Сонам Капур да табылды.

Роберто Кавали көрсетілімінде, алдыңғы қатарда отырған француздық актер Венсан Кассель мен италялық модель Тина Кунаки, ел көзіне еріксіз түсті. Қонақтар, әпкелі-сіңлілі Хадидтер таныстырған Пол Сарридждың туындыларына баға беруге келген еді.

Сән үйінің креативті дизайнері тізгінін өз қолына алған Сарридж болса, италиялық брендке елеулі өзгеріс енгізгісі келгендей. Британдық шебер, әдеттегі түрлі түстен бас тартып, барынша ұстамдылық танытуға тырысқан.

Фэшн-уиктің бұл күнін Версаче өз көрсетілімімен тұйықтады. Донателла ханымның тың топтамасын таныстыруға: Ирина Шейк, әпкелі-сіңлілі Хадидтер, Кендалл Дженер, Кая Гербер, Эмили Ратаковски, қысқасы сән әлемінің ең үздіктері кіріскен еді. Шарада, меймандар арасынан Ники Минаж бен Рита Ора табылды.

Ал, кеш соңында, күллі дизайнерлер «сандық фэшн көрсетлім» тақырыбын талқыға салды. Бұған себеп, әйгілі «Бальман» брендінің арулардың орнына, графикалық дизайнмен жасалған сәнқойлардың өз жарнамасында қолдануы еді.

Майкл Корс, дизайнер:

-Мен бұл бастаманы мүлде қолдамаймын. Шынайы қарым-қатынас пен сезімдерге не жетсін!