«Bumblebee» роботтың жаңа хиякаясы

Сообщить о проблеме с эфиром

«Трансформерлер» кинолентасы, енді өз кейіпкерлеріне арнап жеке фильм таспалауды қолға алған еді. Олардың бірі алғашқы робот – Бамблби. Көптен күткен фантастикалық туынды, жаңа трейлерін ұсынды.

Режиссер Майкл Бей ұсынған «Трансформерлер» фильмінің бес бірдей бөлімі жарыққа шыққан еді. Ең алғашқы лента әлемдік айналымда 709 млн АҚШ долларын қалтаға басса, үшінші хикаясы 1 миллард доллардан астам қаржыға кенелген.

Өз ғаламшарынан жерге пана іздеп келген Бамблби, Чарли есімді бойжеткенмен кездеседі. Бірақ, ізін ала артынан еріп келген құлтемірлер, бүкіл адамзатқа қауіп төндіреді. Бамблбидің ендігі миссиясы – әлемді құтқару. Батыл роботтың ерлігін 20 желтоқсаннан бастап үлкен экрандардан тамашалай аламыз.