Билборд үздіктері анықталды

Сообщить о проблеме с эфиром

Әйгілі Билборд чартының триумфаторы Дрэйк, бұл жолы үздік шыға алмады. Себебі рэперді, Мару́н Файв пен Карди Би ортақ туындысы арқылы шаң қаптырған. Тіпті, бір апта бұрын жарық көрген Эминемнің әні де мықтылар қатарында.

Мару́н Файвтың Карди Бимен бірігіп орындаған - «Girls Like You» әні биллборд чартының көш басында. Әннің Карди Бисіз орындалған нұсқасы, топтың «Red Pill Blues» атты альбомына енген.

Бейнебаянда Дженнифер Лопес, Галь Гадот, Рита Ора сынды әр саланың беткеұстарлары бой көрсетеді.

Ал «кики челлендж» бұл жолы - екінші орында. Дрейктің «In My Feelings» трегі көпшілікті әндетіп қана қоймай, билеткен де еді. Танымал рэпер әр туындысын өз алдына бір ерекше оқиғамен байланыстыруды әдетке айналдырған.

Жұлдызын қайта жағуды көздеген Эминем, тыңдармандарын жаңа туындыларымен үзбей қуантуда. Рэпердің бір апта бұрын ұсынылған «Killshot» әні де, биллбордың үштігін түйіндеп үлгерді. Эминем осылайша, өз танымалдығын қайта жаңғыртпақ ниетте.