Ерке Есмахан фильм таспалауда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ерке Есмахан жауапты сәтке тағатсыздана дайындалып жүр. Санаулы күннен соң, «Махаббат кафесі» картинасы өз көрерменімен қауышпақ. Еске салсақ, бұл әнші арудың актриса ретінде бағын сынаған тырнақалды туындысы. Су жаңа трейлерден, Еркенің шеберлігін байқап көруге болады.

Ерке Есмахан, әнші:

-Бір кішкене болса да, бойымда бір қабілет болып тұр. Сол қабілет бар болғанын сезгендіктен, осындай қадамға барып тұрған шығармын. Өзімді ешқандай да, айта алмаймын. Оны ертең әріптестерім айтады, көрермен айтады қандай актриса екенімді.

Отбасылық комедияның оқиға желісі «Махаббат» кафесінде өрбиді. «Туысқандық қарым-қатынас, ғашықтық пен ауылдың аңғал атмосферасы, Шако мен Еркенің бір-біріне деген ынтық сезімі, әркімге де қызық болуы тиіс» дейді, киногерлер.