Әли Оқапов, аш қалған сәттерін есіне алды

Сообщить о проблеме с эфиром

Әли Оқаповтың бала кезде бастан кешкен қиындықтары әлі есінде. Музыканттар жанұясында дүниеге келген ол, 2 жасынан ән сапарларда жүрген. Роза ханым мен кішкентай балақайлардың гастрольде ыстық тамақ пен жуынатын жер таппаған сәттері де болыпты.

Әли 2 жасқа толғаннан-ақ ата-анасымен әнсапарларға аттанған. Өнер жолының тауқыметін ерте тартқан ол, гастрольдің ауыртпалығын былайша есіне алады.

Әли Оқапов, әнші:

-Киінетін, киім ауыстыратын, жуынатын жер болмай қалады. Кей кездері тамақтың өзі болмай қалады. Тамақтың өзі суып кеткен немесе басқа дұрыс емес нәрселер. Балаға енді шынымен дұрыстап қарау керек қой. Өйткені кішкентай кезінде денсаулығы онша мықты емес. Дегенмен кез-келген жерде ұйықтай білу керек. Даңғырлаған жерде ұйықтау білу керек.

Кезінде Рымбаева кешкен күйді, Әуелбекова қазір басынан өткеріп жүр. Мөлдір баласын қырқынан шығарған күні қызметіне кірісіп кеткен. Әншінің ұлы Салтай екі айлығынан бастап әнсапарда жүр екен.

Мөлдір Әуелбекова, әнші, продюсер:

-Роза Қуанышқызы көрген кезде айтады: «Әй, сен қыз тура мен болыпсың ғой» - деп Салтаймен ойнайды. Менің бұрынғы кезімде еске түсіріп жатырсың. Қайта саған қазір жеңіл дейді. Сендер ұшақпен ұшып барып келесіңдер. Біз деген автобуспен жүретінбіз. Кішкене қиындау болды дейді балаға.

Лидия Кәденованың ұлы Дидар да 8 айлығында алғаш рет гастрольге шығыпты. Актриса анасымен жеті жасына дейін Қазақстанның бүкіл аймағын аралаған.

Дидар Кәден, әнші, актер:

-Қойылымның барлық сөздерін, ойнап жатқан 40 адам ба? 40 адамның барлық сөздерін жатқа білетінмін. Өйткені сахнаның сыртында өстім. Қай кезде жарық жанады, қай жерде музыка қосылады, соның барлығын білетінмін.

Бір қызығы жастайынан өнердің қазанында қайнап өскен бүлдіршіндер, бүгінде отандық шоу-бизнестің танымал өкілдеріне айналды.