«Монах әйелдің қарғысы» 140 млн қаржыға кенеліп, көш бастады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал бір апта бұрын көрерменге жол тартқан «Монах әйелдің қарғысы» картинасы, отандық прокатта бірден үздік шықты. Үрейлі лентаның кейбір сахналарын, сағатына 5 мың АҚШ долларын төлеп, парламент үйінде түсірген екен.

«Монах әйелдің қарғысы» атты үрейлі лента өткен уик-ендте 137 млн теңге касса жинады. Хоррор жанрындағы фильмде, Ватикан қаласында өз-өзіне қол жұмсаған монах қызының ісі дін қызметшілеріне табысталады. Алайда, марқұмның жаны, зұлым күштердің қарғысына қалған. Арудың бейнесіне енген әруақтар, енді тірі адамдарға маза бермейді.

«Тыңшы Джонни Инглиш» көрермендерін сағындырғаны анық. Фильмнің үшінші бөлімі, өткен аптадағы 59 млн теңге пайдамен екінші сатыда. Келеңсіз жағдайлардан әрдайым жол табатын британдық тыңшы, бұл жолы Патша әулетінің намысын қорғамақ. Ең танымал комик Роуэн Аткинсон өзіне жүктелген миссияны, қалай да орындау үшін барын салады.

Өткен аптаның көшбасшысы - «Аса ауқатты азиалықтар», бұл жолы 44 млн теңгемен, үшінші орынға тұрақтады. Фильмде, арулардың арманына айналған, қытай ханзадасының мінсіз өмірі суреттелген. Кедей қызға ғашық болып қалған сері, сүйіктісін ата-анасымен таныстырады. Дәулетті әулетке қарапайым бұрымдыны тең емес деп санаушылар, кедергі болмақ.