Шон Мендестің жаңа жұлдызы!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шон Мендес атын өзгертуге әлі асықпайды. Есесіне, жас өнерпаздың есімі бүгінде талай чарттардың көшін бастап жүрген жайы бар. Енді, міне жиырмадағы музыканттың өмірі туралы арнайы фильм таспаланды.

Youtube Music-пен бірлесе таспаланған лентада, жас өнерпаз Шон Мендестің жетістікке жету жолы баяндалған. Жиырма жастағы музыканттың табысы – көпшілік үшін таңқаларлық жайт. Әншінің өзі: «Мен халық лық толған стадион мен «Грэммиді» армандамағам. Бар болғаны ән салып, гитарада ойнайтын жігіттің бірі едім» - деп, өткенін еске алады.

Мендес әйгілі әндердің кавер-нұсқасын орындап, желіге жүктеу арқылы ел арасында кең танылды. Өнерпазды Эд Ширан, Джастин Биберге теңеушілер де табылған еді. Көпшіліктің ілтипаты септік болып, ол Island Records лейблымен келісімшартқа отырып, алғашқы «Life of the Party» синглын жарыққа шығарды.

Әуел баста, Шонның бұл әнін көпшілік елеп-ескермесе де, 15 жастағы өнерпаздың туындысы Billboard Hot 100 тізімінің 24-ші орын еншіледі. Дәл, осылай Мендес - тың трегі үздіктер көшіне қосылған «ең жас орындаушы» атанған еді.