Ләйлә Сұлтанқызы алып қашудың құрбандарына ақылын айтты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ләйлә Сұлтанқызы өз қалауынан тыс бөтен босағаны аттаған аруларға, арнайы сабақ өткізуге әзір! Танымал тележүргізуші, ежелгі салттың құрбаны атанған қыздарға өз ақылын айтты.

Түрлі тақырыптағы ток-шоуларды жүргізетін Ләйлә Сұлтанқызы алып қашудың құрбаны атанған аруларды жиі кезіктіреді. «Тіпті, ежелгі дәстүрге қатысты кейбір жайттарды естісең еріксіз жағаңды ұстайсың», дейді ол. Соған қарамастан, Ләйлә ханым бұл салтқа түбегейлі қарсы емес екен.

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:

-Алып қашудың соңы жақсы аяқталған оқиғалар да өте көп. Әрине, соңы сотталып жүрген жігіттер де өте көп. Сондықтан, алып қашудың өз түрі де бар ғой. Бізде келісіп алып қашып кетіпті, бір-бірін біледі екен десе, орынды. Онда тұрған ештеңе жоқ.

Танымал тележүргізушінің бұл сөздерімен эстраданың нәзік жандылары мүлде келіспейді. Мәселен, әнші Айри үшін, бұл дәстүр - барып тұрған «жабайылық». Ayree, әнші:

-Менің ойымша, қызды ата-ананың қолынан алу керек. Ол дұрыс емес, алып қашу деген. Маған жат нәрсе. Оны заңды түрде жауапкершілік арттырам осылай заңды түрде.

«Мені алып қашса, соттасамын» деген Айридің ұстанымын Зируза да қолдай кетті.

ZIRUZA, әнші:

-Әрбір адамның өз құқығы бар. Сол себепті, махаббат арқылы келісіммен бірге тұрмысқа шыққан ол жақсырақ екі адамға да. Сол себепті алып қашу деген нәрсеге мүлдем кері қараймын.

Ал, егер арулар амалсызда, өз қалауынан тыс бөтен босағаны аттаса, Ләйлә Сұлтанқызының айтар кеңесі мынау:

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:

-Ол жерде паника шығарып, бет жыртысып, ұрысудың еш қажеті жоқ. Бірінші түн енді бас салып қуғыншы келмейінше, бөлек қалдырмайды ғой жігітпен. Сол себептен, ұйықтаған уақытын тауып алыңдар. Ұйықтаған уақытта мүмкін қашуға әрекет жасарсыздар. Өйткені сіз бәсеңдетсеңіз қарсылығыңызды, олар сіздерге деген қадауғалауын төмендетеді.