«BBC» өз үздіктерін анықтады

Сообщить о проблеме с эфиром

«BBС» компаниясы, әлемдегі табысты, әрі беделді танымалдарды анықтады. Үздіктер көшін Бейонсе бастап, үштіктен әншілер: Тейлор Свифт пен Адель табылды.

Бейонсе музыка әлеміне қосқан еңбегі үшін үздік деп танылды. Жұлдыздың сонымен қатар, жастарды стипендиямен қамтамасыз ететін, «BeyGOOD» атты қайырымдылық жобасы да бар.

Бейонсенің «Parkwood Entertainment» лейблі, жас өнерпаздарды қолдауға жәрдемдеседі.

Екінші орынға жайғасқан Тейлор Свифт, 20 жасында «Грэмми» марапатына ие болып, ең жас орындаушы ретінде тарихқа енген. Әнші қыздың альбомдары, бірнеше рет Биллборд чартының көшін бастаған.

Әлемге өзінің ерекше дауысымен танылған Адель, үшінші. Әншінің альбомдары, АҚШ пен Ұлыбритания елдерінде сатылымы жағынан рекорд орнатқан. Жаһан бойынша 100 млн-ға жуық үнтаспаны саудалаған.

«ВВС-дің» рейтингінде рэп жанрында ән шырқайтын алғашқы әйел орындаушы - Карди Би да бар. Сонымен қатар, Бейонсе, Рианна сынды танымалдардың әндерінің авторы Сия, және британдық өнерлі қыз Дуа Липа да енген.